15 сәуір күні Жалпы білім беретін пәндер бірлестігі аясында «Эргономиканың түрлері» атты ЦӘК ішінде теориялық ашық сабақ өтті. Ашық сабақты арнайы пәндер оқытушысы Джураева Анел Мейрамбековна жүргізді. Сабақ барысында эргономика ұғымы мен оның түрлері жан-жақты қарастырылып, білім алушыларға маңызды теориялық мәліметтер ұсынылды.