Балқаш қаласының медициналық колледжінің волонтер жастары адамгершілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, жалғызбасты қарт кісіге көмек қолын созды. Олар қарияның хал-жағдайын сұрап, қажет азық-түлік пен жылы лебіздерін жеткізді. Бұл игі іс – үлкенге құрмет, кішіге өнеге болатын қайырымдылықтың шынайы көрінісі.